АБАЙ АУДАНЫ: 36 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

АБАЙ АУДАНЫ: 36 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
Абай ауданында 6 жыл ішінде 222 аула абаттандырылып, 58 спорт алаңшасы салынды. 
 
Бұл жөнінде бүгін Абай ауданының әкімі Б.Пармановтың 2020 жылдың қорытындысы бойынша халыққа  есеп беру кездесуі барысында баяндады. 
 
-  Өткен жылы 107 аулаға ойын алаңшасы орнатылып, 6 спорт алаңшасы салынды. 24 спорт алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді, - деді аудан әкімі.
 
Сонымен бірге, аталған бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында  биыл 36 көпқабатты тұрғын үй ауласын абаттандыру, 18 спорт алаңшасына ағымдағы жөндеу, 42 спорт алаңшасын орнатуды жоспарлап отырғанын айтты. 
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі