«Жаңа атшабар және көпқабатты тұрғын үй кешені мен жаяу жүргіншілер аймағының (променад) құрылысы туралы» видео-конференц-байланыс арқылы ашық қоғамдық тыңдау өтетіні жарияланды

«Жаңа атшабар және көпқабатты тұрғын үй кешені мен жаяу жүргіншілер аймағының (променад) құрылысы туралы»  видео-конференц-байланыс арқылы ашық қоғамдық тыңдау өтетіні жарияланды

«Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ «Жаңа атшабар және көпқабатты тұрғын үй кешенімен жаяу жүргіншілер аймағының (променад) құрылысы туралы» видео-конференц-байланыс арқылы ашық қоғамдық тыңдау өтетінін жариялайды.

Қоғамдық тыңдау: 2021 жылдың 19 ақпаны сағат 15.00-де ZOOM платформасы арқылы өткізіледі. Қатысу үшін shymkent.saulet@ontustik.gov.kz электронды поштасына келесі ақпараттарды жолдауыңыз қажет: аты-жөніңіз, ЖСН, ұялы байланыс телефоны, тұрғылықты мекенжайыңыз, сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз. (Ыңғайлы тіркелуі үшін арнайы интернет ресурс әзірленді. Осы интернет ресурсқа http://shymkent-online.kz/  сілтемесі арқылы кіруге болады және ұялы телефон арқылы осы сілтеме ішінде телеграмм батырмасына да өтініш бере аласыз).

Тапсырыс беруші: «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ.

Бас жобалаушы:  «BI Group» Холдингі.

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» ШЖҚ РМК («Мемсараптама» РМК).

Қоғамдық тыңдауды өткізуге жауапты тұлға: «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Берік Айдарұлы Әшірбеков, тел: +7 7252 39 44 04.

Жоба бойынша құжаттамамен мына сілтеме арқылы таныса аласыз: https://drive.google.com/file/d/1vgeFrfPTTztV4MOCo_kNXBy3KFepoiUb/view?usp=sharing

 

 

Байланыс үшін: Гүлжазира Сәрсенбаева

Тел: +7 7252 24 72 90, +7 778 939 01 48.