ШЫМКЕНТТІҢ ЭНЕРГЕТИКТЕРІ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАНЫҢ ҮЗДІГІ

ШЫМКЕНТТІҢ ЭНЕРГЕТИКТЕРІ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАНЫҢ ҮЗДІГІ

Түркияда энергетиктердің халықаралық кәсіби шеберлік байқауы аяқталды. Анкарада Қазақстан намысын қорғаған «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясының мамандары I орын иеленіп, үздік команда атанды.

21-23 қыркүйек аралығында Анкарадағы TEDAŞ оқу-жаттығу полигонында өткен додаға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдердің энергетиктері қатысқан болатын.

Байқау барысында командалар кәсіби білімі мен тәжірибесін, практикалық шеберлігін, қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейін және командалық үйлесімін көрсетті.

Қазақстан намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғаған «Оңтүстік Жарық Транзит» мамандары кәсіби шеберлігімен, тәжірибесімен және командалық бірлігімен үздік нәтиже көрсетті.

Осылайша тартысты бәсекеде Қазақстан командасы қарсыластарынан озып, бірінші орынға ие болды. Жүлделі орындар қатарынан Әзірбайжан мен Түркия топтары да көрінді.

Ұйымдастырушылар келесі жылғы сайысты Қазақстанда өткізуге ұсыныс жасап отыр.

Айта кетейік, өткен жылы осы бәсекеде «Оңтүстік Жарық Транзит» командасы III орын иеленген болатын.