ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА ТОП ЖАРДЫ

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА ТОП ЖАРДЫ

 Шымкент қаласының оқушысы халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында ел намысын абыроймен қорғады.

 Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Иманғали Үсентайұлы Сербия Республикасының Копаоник ұлттық паркінде өткен International Junior Geography Olympiad (IJGO) білім сайысына география пәнінен қатысқан болатын.

 Жас өрен олимпиада барысында терең білімін, зерттеушілік қабілеті мен пәндік дайындығын жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды.

 Бұл – оқушының табандылығы мен ізденісінің, ұстаз еңбегінің және мегаполистегі сапалы білім берудің жарқын нәтижесі.