ШЫМКЕНТТЕ АВТОРЛЫҚ ТҰМАР ЖАСАУ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ АВТОРЛЫҚ ТҰМАР ЖАСАУ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Шымкент Creative Hub алаңында дәстүрлі ұлттық нақыш пен заманауи дизайнды ұштастырған авторлық тұмар жасау бойынша шеберлік сағаты өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар ағаш, акрил бояуы, тастар және эпоксидті шайырды пайдаланып, өз қолдарымен ерекше әшекей бұйымдар жасады. Шеберлік сағатын суретші, зергерлік бұйымдар дизайнымен айналысатын Айман Тельходжаева өткізді.

Қатысушылар арнайы дайындықсыз-ақ ұлттық ою-өрнек пен түрлі символдарды қолдана отырып, жеке дизайнын әзірледі. Нәтижесінде әрқайсысы бірегей алқа-тұмар жасап шықты.

Шеберлік сағатының мақсаты – ұлттық мәдени мұраны заманауи қолөнермен сабақтастырып, қала тұрғындарының шығармашылық қабілетін дамыту.

Айта кетейік, Shymkent Creative Hub-та керамика, пэчворк, дизайн және қолөнер бағыттары бойынша тұрақты түрде шеберлік сабақтары мен оқыту бағдарламалары ұйымдастырылады.