2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.
Әрбір азамат өзі туралы сайлаушылар тізімдеріндегі деректерді оның тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелерінің үй-жайларында дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда немесе 2026 жылғы 7 тамыздан бастап тексере алады.
Әскери бөлімдерде, шалғай және қатынасу қиын аудандарда, демалыс үйлерінде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінің жанынан құрылған сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізімдермен дауыс беру күніне бес күн қалғанда немесе 2026 жылғы
17 тамыздан бастап таныса алады.
Тiзiмге енгiзiлмеген, дұрыс енгiзiлмеген немесе тiзiмнен шығарып тасталған, сондай-ақ дәлсіздік жiберiлген жағдайда азамат сайлау комиссиясына сайлаушылар тізімдеріндегі деректерді түзету қажеттігі туралы шағымдануға құқылы.
Түзетуді немесе тізімге енгізуді сайлау комиссиясы дереу жүргізеді. Сайлау комиссиясы өтініш мақұлданбаған жағдайда азаматқа оның өтінішінің мақұлданбағаны туралы уәжді шешiмнiң көшiрмесiн дереу бередi. Шешiм бойынша сайлау комиссиясы орналасқан жердегі сотқа шағым жасалуы мүмкін, сот шағымды келіп түскен күні қарайды.
Жаңару үшін дауыс бер!
Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы