
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылғы 1 шілде мен 1 қыркүйек аралығында (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18:30-ға дейін) үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) арналған сыйлықақыларды алуға үміткерлерден өтінімдер қабылдайды.
Сыйлықақылар ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына сәйкес тағайындалады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017041 .
ҮЕҰ-ны сыйлықақыға ұсыну туралы өтінімдер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне 2026 жылғы 1 шілде мен 1 қыркүйек аралығында (қоса алғанда), Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18:30-ға дейін келесі тәсілдердің бірі арқылы ұсынылады:
premiya2026@cisc.kz электрондық поштасына (PDF форматында);
немесе қағаз және электрондық жеткізгіште (CD-диск немесе USB флеш-жинақтауышта DOC, DOCX немесе PDF форматында) мына мекенжай бойынша қолма-қол тапсырылады:
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс.
Өтінімдер өзіңізге ыңғайлы тілде – қазақ немесе орыс тілінде қабылданады.