
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 30 маусым күні «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылады.
Арбат саябағында сағат 16:00-де басталатын акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету.
Кез келген тұрғын еліміздің заң қоғамдастығының үздік өкілдерінен тегін консультация ала алады. Акция барысында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқа да мамандар кеңес береді.
Уақыты: 30 маусым, сағат 16:00-де.
Орны: Арбат демалыс аймағы.