ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков көшпелі кездесу форматында Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен жүздесті. Кездесуге Қабанбай батыр, Жангелдин көшелерінің, 21-шағынауданның және Береке тұрғын алабының тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында қала тұрғындары инфрақұрылым желісін дамыту мен өмір сүру сапасын арттыруға қатысты бірқатар өзекті мәселені көтерді. Атап айтқанда, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және күтіп-ұстау, кәсіпкерлік нысандары мен дренаж жүйелерінің жұмысы, баспана және жер телімдерін берудің кезегі бойынша өтініштер айтылды.

Сондай-ақ, тұрғындарға үйлерді жаңарту бағдарламасын іске асырудың тетіктері түсіндіріліп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, автотұрақ орындарын ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу мәселелері бойынша жауаптар берілді.

Бұдан бөлек, табиғи газға заңсыз қосылу жағдайлары, қоғамдық көліктің қозғалыс кестесі, емхана ғимаратын кеңейту және балабақша салу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Айта кету керек, тұрғындар көтерген мәселелердің басым бөлігі кездесу барысында жедел түрде шешімін тапты. Ал қалған өтініштер мен ұсыныстар тиісті басқармаларға жолданып, аумақты одан әрі дамыту жоспарларын жасау кезінде ескерілетін болады.

Кездесу соңында мегаполис басшысы тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымы, сындарлы ұсыныстары және қаланың дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.