ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 50 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 50 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Шымкент қаласында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Бүгін баспана кезегінде тұрған және жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларына қатысқан тағы 50 отбасы жаңа пәтерге ие болды.

Салтанатты кілт табыстау рәсімі Көрме орталығында өтті.

Пәтерлер «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары аясында беріліп, баспаналарды жеңілдетілген ипотека жүйесі арқылы төлем қабілеттілігін растаған азаматтар алып отыр.

Пәтер иелерінің қатарында көп балалы отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері бар.

Айта кету керек, қалада тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту және жеке баспана алудың мүмкіндігін кеңейту бағытындағы кешенді жұмыс жалғасып жатыр.

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру баспана кезегінде тұрған азаматтар санын кезең-кезеңімен азайтып, қала тұрғындары үшін жайлы өмір сүру жағдайын жасауға мүмкіндік береді.