
Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада остеоартрозды емдеудегі эндоваскулярлық катетерлік эмболизация (ЭКА) әдісіне арналған халықаралық шеберлік сағаты өтті.
Іс-шараға Германиядан келген профессор Аттила Ковач қатысып, Алматы, Қарағанды және Шымкент қаласының мамандарымен тәжірибе бөлісті.
Практикалық бөлімде дәрігерлер түрлі феморальды қолжетімділік тәсілдерін көрсетіп, Шымкент қаласының 3 тұрғынына тізе буынындағы ауырсынуды азайтуға бағытталған ота жасады.
Шеберлік сағаты барысында ЭКА әдісінің артықшылықтары, остеоартрозды емдеудің заманауи тәсілдері және пациенттерді іріктеу талаптары талқыланды.