
16-17 мамыр күндері А.Асқаров атындағы дендросаябақта, Шымсити және Наурыз, Абай саябақтарында, Көл демалыс аймағы мен Арбат демалыс орындарында дәстүрлі «Шымқала кештері» концерттер шеруінің кезекті концерттік бағдарламалары өтті.
Кеш барысында қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мазмұнды мәдени бағдарламалар ұсынылды. Сахна төрінде Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры, Шымкент концерт концерттік ұйымы, Өзбек драма театры, Жастар театры, Шымкент циркі және Орыс драма театры ұжымдары өнер көрсетіп, саябаққа жиналған көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Ән мен әзіл, театрланған сахналық қойылымдар үйлесім тапқан кеш көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Жыл сайын дәстүрге айналған мәдени іс-шара тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, ұлттық өнер мен мәдениетті насихаттауға мүмкіндік беріп отыр.