АҚЖАЙЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДА 50 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕРДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

АҚЖАЙЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДА 50 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕРДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында 50 отбасыға жаңа пәтер кілттерін тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Мегаполис басшысы қоныс иелерін құттықтап, жаңа баспаналарына береке, жайлылық пен бақыт тіледі.

Жаңа үйлер Ақжайық шағынауданында орналасқан. Пәтерлер баспана кезегінде тұрған азаматтарға, оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарға берілді. Пәтерлер мемлекеттік бағдарламалар аясында, төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға арналған «Отбасы банкі» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген несиелеу тетіктері арқылы ұсынылды.

Айта кетейік, пәтерлерді бөлу барысында көп балалы және толық емес отбасыларға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлеріне басымдық берілді.

Мұндай бастамаларды жүзеге асыру Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында баспанаға қолжетімдікті арттыруға, тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.