
Елімізде табиғи газды тұтынуды есептеуге арналған смарт-есептегіштерді орнату басталды. Шымкент қаласында, Түркістан және Қызылорда облыстарында қолға алынған тиісті жұмыс QazaqGaz Aimaq компаниясының Aqyl Energy жобасының аясында жүзеге асырылуда.
Жаңа заманауи құрылғыны орнатуға тұрғындар қосымша қаржы шығармайды, жоба толықтай тегін жүргізілуде.
Бұл смарт-есептегіштер қауіпсіздікті арттырып, есептің ашық болуын қамтамасыз етеді әрі осы саладағы қызметті цифрлық сипатқа көшіреді. Бұл тұрғындар үшін ыңғайлы әрі үнемді.
Ал тұтынылған газ мөлшерін QazaqGaz Aimaq мобильді қосымшасынан бақылауға болады.