ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 30 сәуір күні «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылады.

Арбат саябағында сағат 16:00-де басталатын акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету.

Кез келген тұрғын еліміздің заң қоғамдастығының үздік өкілдерінен тегін консультация ала алады. Кеңес берушілердің арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқа да мамандар болады.

Уақыты: 30 сәуір, 16:00-де.
Орны: Арбат демалыс аймағы.