
Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада 250-ші бүйрек трансплантациясы сәтті жүзеге асырылды. 48 жастағы әйел донор ретінде 46 жастағы туған інісіне бүйрегін салуға берді.
Бұл – қайталама трансплантация (ретрансплантация), себебі, науқасқа алғашқы ота 13 жыл бұрын жасалған.
Реципиентте 2 типті қант диабеті және жоғары иммунологиялық тәуекел анықталды (I класс – 70%, II класс – 50%). Соған қарамастан, операция сәтті өтті, дәрігерлер қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты деп бағалауда.
Бұл – мегаполис дәрігерлерінің жоғары кәсібилігі мен өңірдегі трансплантология саласының дамуын айқындайтын маңызды жетістік.