
103 жедел жәрдем қызметінің жүрген жолын Яндекс Go және Яндекс Карталар сервистерінде көрсетуге арналған цифрлық жоба пилоттық режимде енгізілді. Қазіргі уақытта бұл жоба бойынша адам өміріне қауіпті саналатын I санаттағы шақыртулар бойынша дәрігерлер бригадасының бағыты көрсетіледі.
Яндекс сервистерімен интеграция нәтижесінде диспетчер шақыртуды тіркеген сәттен бастап жедел жәрдем бригадасының қозғалысы бақыланады. Ал пациент немесе өтініш беруші жедел жәрдем көлігінің нақты орналасқан жерін көріп, оның шамамен қанша уақытта келетінін біле алады.
Бұл шешім шақыртуларды өңдеу жылдамдығын арттыруға, диспетчерге түсетін жүктемені азайтуға және жедел медициналық көмектің қолжетімділігі мен ашықтығын жақсартуға мүмкіндік береді.