
Шымкент қаласында тұрғындардың өтініштерін қабылдау және өңдеу бойынша Telegram желісіндегі TazaQazBot чат-боты арқылы жүйелі жұмыс жалғасуда.
2026 жылдың қаңтар–сәуір айлары аралығында платформаға 225 өтініш түсіп, оның 189-ы толық орындалды. Қазіргі таңда 6 өтініш орындалу үстінде, 5 өтініштің мерзімі өткен, ал 25 өтініш түрлі себептерге байланысты кері қайтарылды.
Тұрғындар негізінен қала тазалығы, абаттандыру және экологиялық мәселелер бойынша жүгінуде. Барлық өтініштер белгіленген мерзімде қаралып, қаладағы өзекті мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік беріп отыр.
Цифрлық сервистің басты артықшылықтарының бірі – ашықтық. Пайдаланушылар өз өтініштерінің мәртебесін бақылап, орындалған жұмыстар бойынша фотоесеп алып, сапасына баға бере алады.
Сонымен қатар, тұрғындар арасында чат-ботты кеңінен насихаттау мақсатында 6 бейнеролик (3 ақпараттық, 3 креативті) дайындалып, әлеуметтік желілерде жарияланды.
TazaQazBot – тұрғындар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы тиімді байланысты нығайтып, қала тазалығы мен жайлылығын арттыруға бағытталған маңызды құрал.