«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ МАҢАЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ МАҢАЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясындағы кезекті ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Еңбекші ауданындағы Бадам су қоймасының маңайында кең көлемді тазалық шарасы өтті.

Аудан әкімдігі, Жастар саясаты басқармасының өкілдері, жастар мен еріктілер белсенділік танытып, табиғи аумақтағы тұрмыстық қалдықты тазалады, осылайша экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосты.

Мұндай тазалық акциялары жастардың қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттырып, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосады.