ЖАС ӨРЕНДЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ЖАС ӨРЕНДЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

 Қостанай облысында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың IV кезеңі аяқталды.

Математика және информатика пәндері бойынша өткен білім бәсекесінде Шымкент қаласындағы «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының оқушылары үздік нәтиже көрсетті.

Информатика пәні бойынша Бақберген Разақұлов және математика пәнінен Бақдәулет Қалмырза жүлделі II орынға ие болса, Абдулла Базаралы мен Сұлтанбек Аманов жүлделі III орынды қанағат тұтты.

Бұл жетістіктер шымкенттік оқушылардың табандылығы мен жүйелі еңбегінің, сондай-ақ, сапалы білімнің көрінісі болып отыр.