
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы филиалының ұйымдастыруымен медициналық ұйымдарда «Ашық есік күні» акциясы өтуде. Кезекті игі шара №14 емдеу орталығында өтті.
Шара барысында емхананың бейінді мамандары тұрғындарды алдын ала жазылусыз қабылдап, медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетті. Невропатолог, кардиолог, психолог және жалпы тәжірибелік дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, алдағы уақытта ем-шара қабылдауларына бағыт-бағдар берді.
«Денсаулық бұрышы» акциясы алдағы уақытта жалғасатын болады.
Жалпы, МӘМС жүйесі төменде көрсетілген медициналық қызметтерді қамтиды:
* профилактикалық медициналық тексерулер;
* учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
* созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;
* уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
* халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
* диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
* мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;
* медициналық оңалту;
* стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Шара барысында сондай-ақ Қор филиалының мамандары МӘМС жүйесі туралы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.
#әмсқшымкент #мәмсшымкент