ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА БАСТАР МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА БАСТАР МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Ж. Ташенев атындағы университетте жаңа Конституцияны қабылдауға арналған сараптамалық кездесу өтті. Іс-шараға академиялық қауымдастық өкілдері, сарапшылар және өзге де мүдделі қатысушылар жиналып, ел дамуының өзекті мәселелері бойынша ашық пікір алмасты.
Кездесу барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдіріп, мұндай үдерістерге қоғамның белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Ж. Ташенев атындағы университеттің ректоры Қанат Байболов референдум қорытындылары туралы айтып өтті:
«Университетіміздің жастары мен профессор-оқытушылар құрамы өз азаматтық құқықтарын толық пайдаланып, дауыс берді. Халықтың референдум мен өз болашағына бейжай қарамағаны қуантады. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жұрт бұл өзгерістердің маңызын терең ұғынды. 87 пайыздан астам қолдау көрсеткіші – Негізгі заңның заман талабына сай екенін және ел дамуына қуатты серпін беретінін дәлелдейді. Қазір біз қабылданған заң аясында ұжыммен дөңгелек үстелдер өткізудеміз».

Университеттің 1-курс студенті Шұғыла Ибрахим де өз әсерімен бөлісті:
«15 наурыз күні мен алғаш рет референдумға қатысып, дауыс бердім. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік сезімін тудырды. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз таңдауымды жасау – маңызды қадам. Жаңа Конституция еліміздің болашағына оң өзгерістер әкеліп, дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай пікірталас алаңдары құқықтық мәдениетті арттырып, азаматтардың саналы қатысуын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, халықты кеңінен ақпараттандыру және негізгі өзгерістерді түсіндіру жұмыстарының маңыздылығына ерекше назар аударылды.