ҰЛТТЫҚ КИІМ ДИЗАЙНЕРЛЕРІНІҢ СӘН ДЕФИЛЕСІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ

ҰЛТТЫҚ КИІМ ДИЗАЙНЕРЛЕРІНІҢ СӘН ДЕФИЛЕСІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ

18 наурыз күні – Ұлттық киім күніне орай Шымкент қаласында ұлттық киім дизайнерлерінің сән дефилесі мен көрмесі ұйымдастырылады.

Концерттік-көрме орталығында мегаполистің ұлттық киім брендтерін қалыптастырған кәсіпкерлер мен отандық дизайнерлер көрермен назарына жаңа ұлттық киім үлгілерінің сән үлгілерін ұсынады. Сонымен қатар балалар арасындағы арнайы көрсетілім де ұйымдастырылмақ.

Көрмеге елімізге танымал ұлттық киім дизайнерлерінің туындылары ұсынылып, көрме-жәрмеңке арқылы қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық киім мәдениеті мен дәстүрін жақыннан сезінуге мүмкіндік алады.

Бұл іс-шара Наурыз мерекесінің рухын дәріптеу мен мәдени мұраны насихаттау мақсатында өткізіледі.

Өтетін уақыты – 18 наурыз күні, сағат 11:00-де.

Өтетін орны – «Көрме» орталығы.