ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГАСТРОФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГАСТРОФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ

Мегаполисте 21 наурыз күні «DamDastour» гастрономиялық фестивалі өтеді. Халықаралық іс-шара Әз-Наурыз мерекесінің он күндігі аясында ұйымдастырылмақ.

Фестиваль аясында отандық және шетелдік аспаздар өздерінің ерекше рецептері мен шеберліктерін көрсетіп, бірқатар номинация бойынша өзара үздіктерді анықтайды:

* Ең дәмді кәуап;
* Ең дәмді палау;
* Ең дәмді самса;
* Ең дәмді ұлттық тағам.

Фестиваль тек тағамдармен шектелмей, қонақтар назарына мерекелік атмосфераға толы ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарлама ұсынылады:

* Street style және K-pop бағыттары бойынша Dance Battle;
* Домбрашылар өнері;
* Батырлар шоуы;
* Цирк әртістерінің қойылымдары;
* Мотобайкерлер шеруі (Moto Show);
* Спорттық автокөліктер көрмесі;
* Қолөнершілер жәрмеңкесі.

Уақыты: 21 наурыз, сағат 12:00-де.

Өтетін орны: Әл-Фараби алаңы.