РЕФЕРЕНДУМ-2026: ЗАҒИП ЖАНДАР ДАУЫС БЕРУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АУДИО НҰСҚАСЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАДЫ

РЕФЕРЕНДУМ-2026: ЗАҒИП ЖАНДАР ДАУЫС БЕРУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АУДИО НҰСҚАСЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАДЫ

Қазақстанда республикалық референдумға дайындық аясында комиссия мүшелерін кәсіби оқыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бүгінде бұл үдеріске ел аумағындағы аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының 71 030 өкілі тартылған деп хабарлады Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов.

Оның айтуынша, комиссиялардың жұмысын біріздендіру үшін Орталық референдум комиссиясы арнайы оқу-әдістемелік материалдар әзірленген. Сондай-ақ, өңірлерге әдістемелік құралдар топтамасымен дауыс беру күніне арналған рәсімдерді түсіндіретін бейнекурс жолданған. Онда дауыс беруді ұйымдастыру тәртібі, комиссиялардың негізгі міндеттері мен іс-қимыл алгоритмдері кеңінен қамтылған.

«Дайындық каскадтық модель негізінде жүргізілуде. Барлық деңгейде комиссия мүшелері алдымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және «Қазақстан Республикасындағы республикалық референдум туралы» Конституциялық заңдардың негізгі нормалары бойынша кіріспе тест тапсырады. Бұл тәсіл олардың білім деңгейін нақты бағалап, оқыту жұмысын мақсатты түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді», — деді Ш.Өтемісов.

Оқытудың алғашқы кезеңінде Орталық референдум комиссиясы аумақтық комиссиялардың тұрақты мүшелеріне арналған республикалық онлайн-семинар өткізді. Оған 821 адам қатысты. Семинар барысында құқықтық рәсімдер, комиссия жұмысын ұйымдастыру, ақпараттық сүйемелдеу және референдумды қаржылық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

ОРК хатшысының сөзінше, өңірлік кезеңде аумақтық комиссиялардың босатылған мүшелері 908 аумақтық комиссия мүшесін, сондай-ақ учаскелік комиссиялардың төрағалары, төраға орынбасарларымен хатшыларын оқытқан. Толығырақ shymkala.kz  сайтынан оқи аласыз.