МҮГЕДЕКТІГІ БАР 90 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМДА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙДА ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ

МҮГЕДЕКТІГІ БАР 90 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМДА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙДА ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ

Қазақстанда республикалық референдумға дайындық жұмыстары шешуші кезеңге аяқ басты. Осыған орай Орталық референдум комиссиясының мүшелері ел көлемінде ауқымды инспекциялық сапарлар өткізіп, 17 облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана қаласындағы дайындық барысын жан-жақты пысықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.
Тексеру барысында сайлау инфрақұрылымының жай-күйі, науқанның ұйымдастырушылық-құқықтық қырлары, учаскелік комиссиялардың жұмысы, сондай-ақ референдум рәсімдерінің ашықтығы, заңдылығы мен жариялылығын қамтамасыз ету тетіктері басты назарда болған.

«Орталық референдум комиссиясының мүшелері барған учаскелерде азаматтардың барлық санаты үшін қажетті жағдай жасалғанына көз жеткізді. Атап айтқанда, ғимараттар пандустармен жабдықталған, дауыс беруге арналған арнайы кабиналар мен Брайль қарпімен әзірленген трафареттер дайындалған. Ақпараттық стендтер арбамен қозғалатын азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырып орналастырылған. Сондай-ақ көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін жаңа Конституция жобасының қазақ және орыс тілдеріндегі аудио нұсқасы қарастырылған», - деді Н.Әбдіров.

Оның сөзінше, ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және аумақтық референдум комиссияларының өкілдері бірлескен отырыстарда бірқатар маңызды мәселелер бойынша есеп берген. Атап айтқанда, интернет пен электр энергиясының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, 10 411 учаскенің материалдық-техникалық жарақтандырылуы, 91 609 мүгедектігі бар азаматтың дауыс беруге қатысуына қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ дауыс беру күні қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары талқыланды.

Уақытша басқа жерде болуына байланысты дауыс беру күні өз учаскесіне келе алмайтын азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін заңнамаға сәйкес есептен шығару куәлігін алу мүмкіндігі де қарастырылған. Толығырақ shymkala.kz сайтынан оқи аласыз.