ЖАҢАРТЫЛҒАН КОНСТИТУЦИЯ: ӘДІЛЕТТІЛІК, ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН КОНСТИТУЦИЯ: ӘДІЛЕТТІЛІК, ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ

 Шымкент қаласында №24 Саттар Ерубаев атындағы орта мектепте Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға Әл-Фараби ауданының тұрғындары, педагогтер, ата-аналар және ардагерлер қатысты. Кездесу барысында негізгі заңға енгізілген өзгерістердің мазмұны мен маңызы кеңінен талқыланды.

Жиында сөз алғандар Конституциядағы тұжырымдамалық жаңашылдықтардың мемлекеттің адамға бағдарланған моделін нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалып, бірлік пен ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы ретінде бекітілгені айтылды.

Сондай-ақ егемендік, тәуелсіздік, унитарлық құрылым және аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылған.