
Шымкентте «Денсаулық бұрышы» акциясы аясында қалалық емханалардың дәрігерлері сауда орталықтарында тұрғындарды қабылдап, медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетті.
Тіпті шара барасында қалалық №13 емхананың дәрігерлері «Баян сұлу» сауда орталығында азаматтарға тегін қан талдауларын жүргізіп, ағзадағы қант пен холестирин мөлшерін анықтады. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланған сауда орталығының сатушылары мен келушілері бейінді мамандардан бірден тиісті емдік тағайындаулар алды. Пульманолог, неврапотолог, кардиолог сынды бейінді мамандар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер тұрғындарға тегін қызмет көрсетіп, алдағы уақытта ем-шара қабылдауларына бағыт-бағдар берді.
Игі шара «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы филиалының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған.
Сала мамандары атап өткеніндей, МӘМС жүйесіндегі басты мақсат - баршаға ортақ тең мүмкіндіктерді қалыптастырып, халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Айта кету қажет, биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне диспансерлік есепте тұрған азаматтардың бірқатар созылмалы аурулары бойынша бақылау мен емдеу енгізілді. Бұл тізімге келесі ауру түрлері кірді: қант диабеті; балалардың церебралды сал ауруы; дәнекер тіннің жүйелі аурулары; ревматизм; артериялық гипертония;жүректің ишемиялық ауруы және өзге де жүрек аурулары (жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ырғағының бұзылыстары);төменгі тыныс жолдарының созылмалы аурулары; бүйрек аурулары, оның ішінде гломерулярлық аурулар, созылмалы бүйрек ауруы; ас қорыту жүйесінің аурулары; сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін аурулары.
Бұл диагноздары бар адамдарға амбулаториялық және стационарлық жағдайларда, соның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, қымбат дәрі-дәрмектерді қоса алғанда, барлық қажетті ем түрлерін алуға мүмкіндік береді.
Шара барысында сондай-ақ Қор филиалының мамандары МӘМС жүйесі туралы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.
#әмсқшымкент #мәмсшымкент