Digital Qazaqstan 2026

Digital Qazaqstan 2026

2026 жылы Digital Almaty халықаралық алаңы Digital Qazaqstan болып өзгеріп, ел экономикасы мен өңірлерді дамытуға, сондай-ақ практикалық цифрлық және AI-трансформацияға бағытталған ұлттық технологиялық форумға айналады.
Digital Qazaqstan өңірлерді біртұтас цифрлық күн тәртібіне тартып, нақты секторға, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік салаға технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге жағдай жасай отырып, Қазақстанның әртүрлі қалаларында жүйелі түрде өткізіледі.
Digital Qazaqstan форумы өтетін алғашқы қала — индустриялық және экономикалық әлеуеті зор маңызды өңірлік орталық Шымкент қаласы.
2026 жылғы 27 наурыз
Форум өнеркәсіпте, мемлекеттік басқаруда және өңірлік экономиканы дамытуда қолданылатын цифрлық және AI-шешімдерге басымдық береді.
Форум бағдарламасында:
— пленарлық отырыс
— панельдік сессиялар мен дөңгелек үстелдер
— IT-компаниялар мен стартаптар көрмесі
— технологиялық байқаулар мен хакатондар
— Digital Qazaqstan Awards — цифрлық трансформация саласындағы ұлттық жүлде.

Digital Qazaqstan қатарына қосылып, еліміздің цифрлық болашағын құруға өз үлесіңізді қосыңыз!