ШЫМКЕНТТЕ 900-ГЕ ЖУЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ 900-ГЕ ЖУЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТЕДІ

Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 21 қазанына дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5 216 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте ешбір жұқтыру дерегі тіркелмеген. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.

– Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Шымкент қаласында осы жылдың 22 қазанында Жедел жәрдем станциясының 900-ге жуық маманы аттестациядан өтеді. Яғни, алғашқы көмек көрсету және науқастардың төрт дәрежесін (жеңіл, қосымша ауруы жоқ орта, қосымша ауруы бар орта және ауыр) анықтау оқытылады, – деді Бақытжан Жолдасбекұлы.

Айта кетейік, біліктілікті арттыру аттестациясы бір уақытта тоғыз жедел жәрдем бекетінде өтеді.