ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Шымкент қаласында 464 отбасы немесе 1045 адам қандас мәртебесін алған. Алты айға мәртебесін ұзартқан азаматтар саны – 30 адам.

Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі – Өзбекстаннан келген 1029 адам, Қытай мен Ресейден – 7 адамнан, ал Қырғызстан мен Шри Ланкадан – 1 адамнан. Олардың көбісі құрылыс саласында, сауда-саттықта және басқа да салада еңбек етеді.

Жұмысты жүйелеу мақсатында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы мен №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы біріктіріліп, №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және қандастарды бейімдеу орталығы болып қайта құрылды.

Қандастарды жұмыспен қамту бастамалары да нәтижелі. Еңбек мобильділігі орталығына бүгінгі күнге дейін 30 қандас жүгініп, оның 22-сі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жұмылдырылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі