
Биыл қыс Шымкентте ерекше қызық болғалы тұр! Қала тарихында алғаш рет Астана алаңында ашық аспан астындағы мұз айдыны ашылды. Алдағы демалыс күндері осы алаңда екінші мұз айдыны ашылып, белсенді демалысқа қызығатын қала тұрғындарының саны арта түспек.
Қолайлы қысқы демалыс аймақтарын құру бастамасы қала әкімі тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіз әрі жайлы қысқы демалысты қамтамасыз ету.
Мұз айдындары сапалы мұз, заманауи жарық жүйесі, демалыс аймақтары секілді барлық қауіпсіздік талабына сәйкес жабдықталған және конькилерді жалға беру орындары бар. Жеке инвесторлар қамтамасыз еткен мұздатқыш жабдықтардың есебінен мұз тұрақсыз ауа райында да жақсы сақталады.
Алдағы күндері Арбат және «Мұз сарайының» жанында тағы екі мұз алаңы ашылмақ, осылайша көпшіліктің қысқы демалысына қолайлы аймақтар көбейе түседі. Өз конькиі бар тұрғындар сырғанаққа тегін кірсе, қалған азаматтар конькиді сол жерде жалға ала алады.
Қыс мезгілі баршаға қызықты болуы үшін қала тұрғындарын мұз айдындарының жабдықтарын ұқыпты қолдануға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамы