ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР АЙТЫСЫ ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР АЙТЫСЫ ӨТЕДІ

 Құрметі қала тұрғындары мен қонақтары!

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Мен елімді жырлаймын!» атты республикалық оқушылар айтысына шақырамыз.
Айтыс 6 желтоқсан сағат 11.00-де Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында өтеді.

Еліміздің 14 өңірінен келген 16 үміткер бақ сынайтын жыр додасын белгілі айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов жүргізіп. «Құрмет» орденінің иегері, филология ғылымдарының кандидаты, республикалық айтыстардың жеңімпазы Серікзат Дүйсенғазы төрағалық етеді.

Баршаңызды ұлтымыздың ұлылығы мен қара сөздің қасиетін шабытты шумақпен паш ететін жас өнерпаздардың жыр бәйгесінің құрметті қонағы болуға шақырамыз. Келіңіздер, көріңіздер!

Кіру – тегін.