ЖАНАРМАЙ БЕКЕТТЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖАНАРМАЙ БЕКЕТТЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкентте қала аумағындағы жанар-жағармай бекеттеріне мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 70-ке жуық бекеттің қауіпсіздік және күтіп-ұстау талаптарына сай келмейтіні анықталды.

Нақты айтқанда кейбір жанармай бекеттерінде өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмай, санитарлық ережелер бұзылған, ал бірқатарының аумағын абаттандыру деңгейі төмен. Сонымен қатар, нысандарды күтіп-ұстауда кемшіліктер табылды.

Осы олқылықтарды жою мақсатында қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімовтың төрағалығымен жиын өтті. Оған аудан әкімдіктерінің, басқармалар мен өңірлік департаменттердің басшылары, жанар-жағармай бекеттерінің өкілдері қатысты.

Жиында жанармац бекеттеріндегі кемшін тұстарды жою мәселесі талқыланып, талапқа сай келтірудің нақты мерзімдері белгіленді. Кәсіпкерлерге бірқатар ұсыныстар берілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі