
Шымкент қаласында биыл атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Абай ауданына қарасты Достық, Асар-2, Бозарық және Ынтымақ шағынаудандарының көшелеріне толық асфальт төселді. Бұл – аудан тұрғындарының қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жұмыстың нақты нәтижесі.
Қазіргі таңда жол жөндеу жұмысы Нұршуақ шағынауданында және Қайнарбұлақ тұрғын алабында жалғасуда. Мамандар бекітілген жоспарға сәйкес жолдардың негізін дайындап, асфальт төсеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асыруда.