ШЫМКЕНТТЕ АУҒАНСТАН ТАУАРЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ АУҒАНСТАН ТАУАРЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Қазақстан-Ауған бизнес форумы аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің қатысуымен Ауғанстан тауарларының көрмесі ашылды. Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген министр форум қатысушыларына ізгі тілегін жеткізді.

«Ауғанстанның жоғары басшылығына біздің шақыруымызды қабыл алып, Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумына Үкімет пен бизнес өкілдерінің қатысуына қолдау көрсеткені үшін ризашылығымды білдіремін. Ауған халқына бейбітшілік пен өркендеу тілеймін. Ауғанстанның дәстүрлі өнімдері ұсынылған көрмені жоғары деңгейде ұйымдастырғандарыңыз үшін ерекше алғыс айтамын. Көрмеде кондитер өнімдері, шырындар, алкогольсіз сусындар, көкөніс пен жеміс-жидек, асыл тастар, зергерлік бұйымдар, қолөнер туындылары, былғары және кілем өнімдері, құрылыс материалдары және басқа да тауарлар ұсынылған», – деді министр.

Биыл көрменің ауқымы айтарлықтай кеңейіп отыр. Шымкент қаласына ауған бизнес қоғамдастығының 150 өкілі келген. Бұл екі ел кәсіпкерлерінің сауда байланыстарын дамыту мен өзара ынтымақтастықты нығайтуға деген жоғары қызығушылығын білдіреді.

Көрменің ресми ашылу рәсімінен кейін Ауғанстан Ислам Әмірлігінің Индустрия және сауда министрі Нурридин Азизи сөз алып, екі ел арасындағы экономикалық және мәдени байланыстардың нығайып келе жатқанын атап өтті. Ол Қазақстан Үкіметіне және көрмені жоғары деңгейде ұйымдастырған Шымкент қаласының әкімдігіне ризашылығын білдірді.

Муриддин Азизи мырза өз сөзінде Ауғанстанда өндірілетін табиғи және экологиялық таза өнімдерге қызығушылықтың артып келе жатқанын айтып, Шымкентте ұйымдастырылған көрменің екі ел арасындағы іскерлік байланысты одан әрі кеңейтуге серпін беретініне сенім білдірді.