WRO–2025: ШЫМКЕНТ ОҚУШЫЛАРЫ ҰЛТТЫҚ ІРІКТЕУДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

WRO–2025: ШЫМКЕНТ ОҚУШЫЛАРЫ ҰЛТТЫҚ ІРІКТЕУДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Астанада өткен World Robot Olympiad (WRO) – 2025 оқу-жаттығу жиынының шешуші кезеңінде шымкенттік оқушылар жеңіске жетті. Shymkent Hub құрамындағы RoboPark орталығында дайындалған Назарбаев Зияткерлік мектебінің шәкірттері байқауда 1 орынға ие болды.

Жеңімпаздарды Шымкентке оралған сәтте салтанатты түрде қарсы алды. Оқушыларды ұстаздары, ата-аналары мен достары құттықтап, олардың еңбегіне зор құрмет көрсетті.

World Robot Olympiad (WRO) – бұл әлемнің 90-нан астам елінде өтетін халықаралық робототехника олимпиадасы. Әр мемлекетте іріктеу кезеңдері ұйымдастырылып, үздік шыққан командалар әлемдік финалда бақ сынайды. Биылғы финал Сингапурде өтеді. Алдағы уақытта Шымкенттен шыққан өнертапқыш Сингапурда ел намысын қорғамақ.

Бұл жетістік – оқушылардың табандылығы мен тәлімгерлердің еңбегінің нәтижесі. Енді жас өнертапқыштар халықаралық кезеңге дайындықты жалғастырады.