АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек қатынастарын реттеу, жылу маусымына дайындық мәселелері талқыланды.

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қ. Базарбаев өрт оқиғаларын алдын алуда атқарылған жұмыстарды баяндады. Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында биыл жергілікті бюджеттен 38 техника сатып алу жоспарланған. Шымкент агломерациясын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес 5 құрама бөлімше салынады. Бұл бағыттағы профилактикалық шаралар - қала әкімі мен департамент басшылығының бақылауында.

Мемлекеттік еңбек инспекциясының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ж. Мақұлбаев еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуымен қатар жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша ұсыныстарға тоқталды. Құрылыс алаңдарында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, қауіпсіздік шараларын автоматтандыру шаралары пысықталды.

«Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының м.а. А.Булешов қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша баяндады. Биыл 33,2 шақырым жүйелер жергілікті бюджеттік қаржыландыру аясында ауыстырылады. Осылайша жылу желісінің тозығын 37%-дан 33,8%-дейін төмендейді. Қала басшысы бұл ретте аудан әкімдерімен бірлесе дайындық жұмыстарын сапалы, мерзімінде атқару бойынша тапсырма берді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі