«ТОЙ ДУМАН FEST» ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

«ТОЙ ДУМАН FEST» ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Қаладағы Астана алаңында ең ауқымды мәдени іс-шара – «Той думан fest» фестивалі іс-шарасы өтті. Мерекелік концерт Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, қала күніне орай ұйымдастырылды.

Бұл фестиваль Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына ерекше қуаныш пен мерекелік атмосфера сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық рухты сақтауға қоғамда жағымды көңіл-күй қалыптастыруға арналды.
Фестиваль аясында Қазақстан эстрадасының 100-ге жуық танымал әншілері мен жас орындаушылары бір сахнада бас қосты. Олардың қатарында елге кеңінен танылған жұлдыздармен қатар, болашағынан үміт күттіретін жас талантты өнерпаздар да бар.

«Той думан fest» — бұл әдеттегі концерттік бағдарламадан өзгеше, ел мәдениетінің ауқымын көрсететін және ұлттық рухты жаңғыртатын ерекше мәдени алаң. Кеште әртүрлі буындағы орындаушылар, этно-ансамбльдер, заманауи топтар, танымал дуэттер бір сахнада өнер көрсетті.