Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына!
Жандосов көшесі көлік қозғалысы үшін уақытша жабылатынын хабарлаймыз.
Дәлірек айтқанда Байтұрсынов көшесінен Рысқұлбеков көшесіне дейінгі аралық ертең көлік қозғалысы үшін шектеледі.
Жөндеу мерзімі: 18.06.2025ж – 19.06.2025ж аралығын қамтиды.
Осыған байланысты сіздерден көлік бағыттарын алдын-ала жоспарлауды сұраймыз.