
Қазақстанға ресми сапармен Болгария Республикасының Президенті Румен Радев келді. Қазақстан мен Болгария Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.
Келіссөз барысында екіжақты күн тәртібіндегі мәселелер кеңінен талқыланды. Мемлекет басшысы Румен Радевтің өкілді делегациямен сапары екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін жаңа перспективалар ашатынын атап өтті. Ол сондай-ақ тауар айналымының тұрақты өсуін және оны ұлғайту үшін бар әлеуетті атап өтті.
Қасым-Жомарт Кемелұлы болгариялық компаниялармен және инвесторлармен өзара іс-қимылға қолдау білдіріп, бұл қызметтің табысты болуын қамтамасыз етуде сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия шешуші рөл атқаруға тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, серіктестікті одан әрі нығайтуға және қазақ-болгар қатынастарын дамытуға ықпал ететін жаңа бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік расталды.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Болгария президенті Румен Радевтің келіссөздері аяқталғаннан кейін қол қойылған екіжақты құжаттармен алмасу рәсімі өтті. Ресми делегациялардың мүшелері келесі құжаттармен алмасты:
Болгария президенті жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, елінің көпжоспарлы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін аша отырып, Қазақстанмен әріптестікті тереңдету мүмкіндігін жоғары бағалайтынын атап өтті.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі