ШЫМКЕНТ:№30 ЖӘНЕ №102 АВТОБУС БАҒЫТТАРЫ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ:№30 ЖӘНЕ №102 АВТОБУС БАҒЫТТАРЫ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛДЫ

Қала тұрғындарының ұсыныстары мен өтініштері негізінде қоғамдық көлік бағыттарын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Осы орайда, №30 және №102 бағыттарына келесі өзгерістер енгізілді:

№30 бағыт:
Жолаушылар легінің артуына байланысты қосымша 2 кесте қосылды. Қазіргі таңда жұмыс күндері – 12 автобус, демалыс күндері – 8 автобус жолаушыларға қызмет көрсетуде.

№102 бағыт:
«Айна» базары маңындағы Аймауытов көшесінде автобус бұрылу бөлігі ыңғайсыз әрі қауіпті болғандықтан, бағыт сызбасы Жібек жолы көшесімен ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қосымша 2 кесте қосылып, жұмыс күндері – 11 автобус, демалыс күндері – 8 автобус қатынайды. Қоғамдық көлік сапасын арттыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Жолаушылардың ұсыныстары әрқашан басты назарда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі