
«Мәртебелі поэзия мінберінің» төріне бұл аптада ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ханбибі Есенқарақызы шықты. Жиынға жиналғандар алдымен ақынның шығармашылығына арналған көрмені тамашалады.
Ханбибі Есенқарақызына құрметін жеткізген ақын Маржан Есжанова мен Анар Жаппарқұлова жүректен шыққан арнауын арнады. Ал, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысы Мыңбаев Рашид сый-құрмет көрсетіп,, иығына шапан жапты.
ОҚМПУ студенттері Ханбибі Есенқарақызының жырларынан әдеби композиция оқыды. Шымкент қалалық мәдениет үйінің әншілері ақынның сөзіне жазылған танымал «Нүрикамал», «Алтынай» сынды әндерін орындады.
Ал, ҚР Мәдениет қайраткері Хадиша Шалабаева Ханбибі Есенқарақызының «Дос іздедім» әнін орындады.