
Биыл қазақтың біртуар ұлы Смағұл Сәдуақасұлының дүниеге келгеніне 120 жыл. Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде Алаш тұлғасының мерейтойына арналған танымдық кеш өтті. Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру"бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жиын қонақтары алдымен Алаш қайраткеріне арналған "Жұлдыз ғұмыр" деректі фильмін тамашалады. Саясаткерді тереңнен танып білді.
Мұнан соң Смағұл Сәдуақасұлының рухына Құран аяттары бағышталды. Танымдық кеште М.Әуезов атындағы ОҚМУ PHD докторы Бекнұр Ізенбаев Алаш тұлғасының еңбектеріне тоқталды.
- Смағұл Сәдуақасұлы 33 жыл ғана өмір сүрді. Қысқа ғұмырында қазақ елінің өркендеуіне өлшеусіз еңбек етті. Аянбастан тер төкті. Бірақ солақай саясаттың құрбаны болды, - деген Бекнұр Жүсіпұлы Смағұл Сәдуақасұлының қайраткерлік болмысын аша түсті.
Қонақтар қазақтың біртуар ұлына жылы лебіздерін білдірді. Танымдық кештен соң көпшілік экспозия залымен танысты.