Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
«Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» ММ БАҚ-та (газеттер, журналдар, теле-, радиоарналар және интернет ресурстар арасында) республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Шымкент қаласы, Нұрсәт шағын ауданы, Н.Назарбаев даңғылы, 10 ғимарат мекенжайы бойынша «Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» ММ кеңсесі 2024 жылғы 2 қазан күні сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Шымкент қаласы, Нұрсәт шағын ауданы, Н.Назарбаев даңғылы, 10 ғимарат мекенжайы бойынша 2024 жылғы 3 қазан күні, сағат 15:00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: (субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағиданың 8 және 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағиданы 2-қосымшасына сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағиданың 5-қосымшасына сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.