Атауы |
Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары |
Аймақтың негізгі сипаттамалары |
Шымкент қаласының ауданы - 116,3 мың га (елдің ауданының 0,04%), қала халқы 2022 жылға -1 192,2 мың адам (ҚР барлық халқының 6,04% құрайды). Қалалық маңызы бар 5 ауданы бар: Абай, Әл-Фараби, Енбекші, Қаратау және Тұран. Шымкент қаласы - еліміздегі тарихы 2000 жылдан асатын көне қалалардың бірі. Қала Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара магистралдарымен қолайлы байланысы бар Орынбор-Ташкент халықаралық магистралі мен Түркістан-Сібір магистралінің бойында орналасқан. Шымкент қаласының әкімшілік аймағында кірпіш шикізатының 8 кен орны бар, олардың 4-уі пайдаланылуда, бентонит сазының 1 кен орны, 5 - резервтік кен орындар орналасқан. 1932 жылдан бастап Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып келді, 2018 жылдың 19 маусымындағы Қазақстан Республикасының Президентінің №702 Жарлығы бойынша Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Шымкент - Қазақстанның дамыған инфрақұрылымы бар елдің өнеркәсіп өндірісіндегі өңірдің үлес салмағы 2,0% -ды құрайды, (бұл Қазақстан өңірлері арасында 12-орын) өндірістік, сауда және мәдени орталықтарының бірі. Шымкент - еліміздің республикалық маңызы бар үш қалаларының бірі. Қала Оңтүстік Қазақстанның тарихи және мәдени орталығы болып табылады, сонымен қатар, ішкі және сыртқы туризмдерді дамыту үшін жеткілікті рекреациялық және табиғи әлеуеті бар. Шымкенттің ерекше маңызды объектілері-қаланың тарихи орталығы мен белсенді туристік дестинацияның перспективалы орны болып табылатын Көне қалашық пен Цитадель. Шымкент қаласының негізгі су артерияларына Бадам өзені мен Қарасу атты тармағымен қоса Қошқарата өзені жатады. Қалада жалпы ұзындығы 91 км болатын 9 канал бар, оның ішіне Бадам, Шымкент, Янгичек, Текесу, Қошқарата және т. б. кіреді. Шымкенттің мемлекеттік орман қоры мен жасыл аймағының жалпы ауданы 5332,7 га құрайды. |
Даму жоспарының бағыттары мен мақсаттары |
1.Бағыт: Аймақ экономикасының өсуі Мақсаттары: 1.Қала экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету 2.Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру 3.Шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау және ЖӨӨ-дегі ШОБ үлесін арттыру 4.Өңірдің туризм саласын дамыту үшін жағдай жасау 5.Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру 2.Бағыт: Өмір сүру үшін жайлы және қауіпсіз аймақ Мақсаттары: 1.Азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету 2.Инфрақұрылым кешенін дамыту 3.Көлік инфрақұрылымының сапасын жақсарту 4.Аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту 5.Қоғамдық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету 6.Халықтың өмір сүру сапасын арттыру 3.Бағыт: Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету Мақсаттары: 1.Азаматтардың әл-ауқатын және жұмыспен қамтамасыз ету 2.Халық денсаулығының көрсеткіштерін жақсарту 3.Салауатты өмір салтын ұстанатын халық үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту 4.Білім беру сапасын арттыру 5.«Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету 6.Экономика салаларын цифрландыру |
Нысаналы индикаторлар |
Жан басына шаққандағы ЖӨӨ; Қадағаланбайтын (көлеңкедегі) экономиканың үлесі; Еңбек өнімділігінің өсуі; Цифрлық технологияларды (ұлттық жобаны) пайдаланатын өңдеуші өнеркәсіптегі ірі және орта кәсіпорындардың үлесі; Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі; Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемінің өсуі; Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару бойынша жаңа өндірістердің саны; Инновациялық өнім көлемі, млрд.тг; Инновациялық -белсенді кәсіпорындардың үлесі; Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі; Негізгі капиталға инвестициялар; Қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны; Ішкі туристер санының ұлғайту; Келетін туристер санының ұлғаюы; Нөмір қоры санын ұлғайту; Салаға инвестициялар көлемінің өсуін 6,9 трлн.теңге ; Еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру ; Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2019 жылғы деңгейге қарағанда 1,3 есеге ұлғайту; Еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру; Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2019 жылғы деңгейге қарағанда 1,3 есеге ұлғайту; АӨК өнімдерінің экспортын 2019 жылғы деңгейге қарағанда 2 есеге ұлғайту; АӨК өнімдері экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі; Минералды тыңайтқыштарды субсидиялау көлемінің өсуі есебінен 1,4 есеге ұлғайту; Ірі қара малдың орташа тірі салмағы; Алма өндірісі; Құс етін өндіру; Ауыл шаруашылығына негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі; Азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі; АӨК-те іске асырылған инвестициялық жобалардың саны; Ауыл шаруашылығы кооперативтері өндірген өнім көлемінің өсуі; Тұрғын үйдің қолжетімділігі; Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы; Бюджет секторында және ТКШ-да энергия тұтынуды төмендету; Халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету: қалаларда; Қалалардағы ағынды суларды тазарту деңгейі; Үйге ортақ жылу және су есептеу аспаптарымен қамтамасыз етілу деңгейі; Қала шетінде тұратын тұрғындарды қамту; Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі (ЖАО); Халықтың экологиялық өмір сүру сапасына қанағаттану деңгейі; Өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша ірі қалалардағы стационарлық көздерден атмосфераға шығатын ластаушы заттар шығарындыларын азайту; Экологиялық ақпараттық кампаниямен қамтылған азаматтардың саны; Нұрсұлтан және Шымкент қалаларын, Павлодар және Қызылорда облыстарын бөлек жинаумен қамту, оның ішінде: - фракциялар; - қалдықтардың жекелеген қауіпті түрлері (медициналық және құрамында сынабы бар, электрондық және тұрмыстық техника); Қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін: - ҚТҚ (түзілу көлемінен); - қауіпті медициналық қалдықтар (жиналған көлемнен); Жеке, мүліктік және қоғамдық қауіпсіздікті сезіну; Қалалардағы бейнебақылау камераларының санын ұлғайту республикалық маңызы бар және облыс орталықтарында; Полицияны цифрлық құралдармен жарақтандыру деңгейі; ТЖ-ға ден қою үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі; Азаматтық қорғау органдарының авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін бірінші кезектегі материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылу деңгейін % - бен жеткізу тиістілік нормаларына дейін жеткізу; Халықты су тасқынынан, еріген қар және жаңбыр суларынан қорғау деңгейі; ТЖ қаупі кезінде халықты хабардар ету деңгейі; ЖАО жұмысының сапасына қанағаттану деңгейі; Халықтың нақты ақшалай табыстарының өсуі; Халықтың ең аз қамтамасыз етілген 40% табыстарының үлесі; Жұмыссыздық деңгейі; Үй шаруашылықтарының азық-түлік тауарларына арналған шығыстары; Қазақстан Республикасына қоныс аударған отандастар (қандастар) саны; «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде оқудан кейін жеке ісін ашқан адамдардың үлесін ұлғайту; Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесін ұлғайту; Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысатын ұйымдары құрамындағы жеке сектордың үлесін ұлғайту; Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан кейін жұмысқа орналасу деңгейін арттыру; Туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы; Нәрестелер өлім-жітімі; Аналар өлім-жітімі; Балалар арасында семіздікпен сырқаттанушылықты төмендету (0-14 жас); Халықтың медициналық мекемелер ұсынатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі; ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмектің жалпы көлемінде амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көлемін кеңейту; Жүкті әйелдерді жеке және пәнаралық босануға дейінгі бақылаумен қамтуды ұлғайту; 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтуды ұлғайту; Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды ұлғайту; Тапшы мамандықтар бойынша резидентураның білім беру гранттарының санын ұлғайту; Аккредиттелген зертханалардың/орталықтардың халықаралық стандарттарға (GLP және ISO-17025) сәйкестігіне үлесі; Салауатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан азаматтарының үлесін арттыру; Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50%-ына дейін жеткізу; Халықтың 1000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі; Дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесі; Жастарды спортпен қамту (14-18 жас); PISA тестінің нәтижелері бойынша мектептегі білім беру сапасын бағалау: -математика пәні бойынша; - оқу бойынша; - жаратылыстану бойынша Халықтың мектепке дейінгі/орта білім беру сапасына қанағаттану деңгейі; Орта мектеп бағдарламасында (6 сынып) «Экология» курсымен оқушыларды қамту; Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен қамту: 2 жастан 6 жасқа дейін; 3 жастан 6 жасқа дейін; Балаларды қосымша біліммен қамту; Физика, химия, биология, STEM пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілген негізгі және орта мектептердің үлесі; ЖАО-ға ведомстволық бағынысты, бейне бақылаумен қамтамасыз етілген күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін ұйымдардың үлесі оның ішінде: - сыртқы; - ішкі. Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамту; Жастарды қажетті мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамту (9 сынып түлектері); Оқушылардың үздік жасыл практикалар мен технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз ету (қосымша білім беру); Халықты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларымен қамту (туындап отырған нәтижемен); Мектеп жасындағы балаларды мәдени тәрбиемен қамту; «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың оқу белсенділігін арттыру; Меценаттар салған және жөндеген объектілер саны (ұлттық жоба); 2025 жылға дейін 259 мәдениет объектісін салу; 2025 жылға дейін 1241 мәдениет объектісін жөндеу ; Қолдау көрсетілген шығармашылық жобалар саны; Жастардың әлеуметтік қызметтерімен қамту; Eljastary инфонавигаторының қатысу деңгейі; Волонтерлік қызметке тартылған оқушы жастардың үлесі; Жастарды экологиялық жобалармен қамту (ұлттық жоба); АКТ бойынша білікті кадрлар саны: - ТжКБ; Цифрлық стандартқа үлгілік сәулет, эталондық стандарт сәйкес келетін әкімдіктердің үлесі; Электрондық нысанда тіркелген еңбек шарттарының үлесі; Ehealth ядросымен деректер алмасуды қамтамасыз ететін медициналық ұйымдардың үлесі; Халыққа көрсетілген қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтердің үлесі; Цифрланған жер деректерінің үлесі; Цифрлық форматқа көшірілген оқулықтардың үлесі; Ұлттық электр желілеріндегі электр энергиясының нормативтік-техникалық шығындарының деңгейін төмендету; 20 мб/с төмен емес интернетпен қамтамсыз етілген орта білім беру ұйымдарының үлесі; 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру |
Қажетті ресурстар |
Қаржыландыру көлемі: Даму жоспарды жүзеге асыру үшін 1060,5* млрд. тенге бөлу жоспарланған, оның ішінде әр жыл сайын: 2021 жылы - 282,1 млрд. теңге; 2022 жылы - 220,1 млрд. теңге; 2023 жылы - 240,1 млрд. теңге; 2024 жылы - 201,6 млрд. теңге; 2025 жылы - 116,6 млрд. теңге. |
*Даму жоспарды қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде анықталатын болады. |