Өтініштерді қабылдау: 2023 жылғы 28 тамыз - 11 қыркүйек аралығы.
Қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі 304г, «Бизнеске арналған үкімет - Shymkent Invest» фронт-кеңсесі, анықтама үшін телефон: +7 (7252) 39-11-77. Конкурсқа қатысуға өтінімдер (конкурстық өтінім) 2023 жылғы 11 қыркүйек сағат 17:30-ға дейін қабылданады.
Конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қатысушы мөрленген конвертте береді. Конвертте көрсетілуі керек: қатысушы туралы мәліметтер (кәсіпкерлік субъектісі), байланыс ақпараттары, берілген күні. Өтінім тігілген және нөмірленген болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінім келесі құжаттардан тұрады:
1) конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;
2) өтініш берушінің немесе өкілінің сенімхат бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) ұйымның нысанын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығы – тіркеу туралы куәлік/талон, заңды тұлға – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік);
4) эскиздік жобаның көшірмесі немесе стационарлық емес сауда объектісінің фотосуреті;
5) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері (келісім шарттардың көшірмесі, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскесінің болуы туралы мәліметтер және т.б.);
6) салық органының салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.
Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға тапсырылған өтінімдерде қамтылған мәліметтер және ақпараттың құпиялылығын конверттерді ашқанға дейін оның жабық түрде сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Қатысушы өтінімді конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды және оны ұсынған тұлғаларға қайтарылады. Берілген өтінімдерді өзгертуге рұқсат етілмейді.
Конкурстың қорытындысы конкурс комиссиясының отырысы өткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Шымкент қаласы әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent?lang=kk ресми сайтында жарияланады.