ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ КЕЙБІР ҚАУЛЫЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

Шымкент қаласы әкімдігінің

кейбір қаулыларына

өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

 

 

         Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы әкімдігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулыларының тізбесі бекітілсін.
  2. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

         Шымкент қаласының әкімі    Ғ. Сыздыкбеков

 

каз
Дата публикации
11 июня 2026