Қала аумағында дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 294,4 мың адамды құрап, қаладағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 28,6% құрады. 2020 жылға 30% жеткізу жоспарлануда.
Шымкент қаласында мемлекеттік меншіктегі 31 спорт мекемелері жұмыс жасайды. Осы мекемелерде 1152 жаттықтырушы 18796 спортшымен жұмыс жүргізуде.
- 2 жоғары спорт шеберлер мектебі; - 18 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері; - олимпиада резервін даярлау орталығы; - 5 спорт клубы; - «Жеңіл атлетикалық спорт кешені»; - «Орталық су-спорт кешені»; - «Қажымұқан атындағы орталық стадион»; - «Ордабасы» кәсіби футбол клубы» акционерлік қоғамы; - дәрігерлік-дене шынықтыру диспансер. |
Халықты дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту, бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту мақсатында қалада мемлекеттік жекешілік-әріптестік тетігі арқылы 4 спорт нысаны жұмыс істейді.
Қалада 856 спорттық нысан тіркелген.
- 3 стадион (1500 орыннан аса); - 32 спорттық манеж (жеңіл атлетикалық-3, футбол-1, ат манежі-1); - 12 спорт кешені; - 6 спорттық құрылғылар кешені; - 8 бассейн; - 5 тир; - 70 орнатылған спорт залдар; - 255 спортзал; - спорт сарайы; - оқу-жаттығу орталығы; - есу базасы; - ату алаңы; - ипподром. |