1980 жылы 8 шілдеде Шымкент қаласында дүниеге келген.
2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2003 жылы РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
2004-2007 жж. - ҚР СІМ-де қызмет: атташе, Мемлекеттік хаттама қызметінің үшінші хатшысы, Еуропа және Африка департаментінің үшінші хатшысы, Министрлік Кеңсесінің үшінші, екінші хатшысы;
2007-2011 жж. - ҚР Парламенті Сенатының аппаратында қызмет: Сенат Төрағасы Хатшылығының бас сарапшысы, бас консультант, парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісі;
2011-2012 жж. - ҚР СІМ Азия және Африка Департаменті Оңтүстік Азия және Таяу Шығыс басқармасының бастығы;
2012-2017 жж. - ҚР Франциядағы Елшілігінің Кеңесшісі, ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі;
2017-2019 жж. - ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі, Сенат Төрағасының кеңесшісі;
2019 жылғы мамырдан 2019 жылғы қыркүйек - ҚР СІМ ерекше тапсырма бойынша Елшісі;
2019 жылғы қыркүйектен 2021 жылғы шілде - ҚР Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы ақпан - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының бірінші орынбасары;
2023 жылғы ақпаннан 2023 жылғы қыркүйек - Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары;
2023 жылдың 5 қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін - Шымкент қаласының әкімі.